Kostenlos

Аққудың айырылуы

Text
Als gelesen kennzeichnen
Schriftart:Kleiner AaGrößer Aa
 
 
 
Көлді қорып, байғұс қызғыш
Қыңқылдайды жағалап:
Қанатымен жерді сызғыш,
Төңкеріліп сабалап.
 
 
Тау құдірет қалықтайды.
Қақсап, жырлап, зарлайды;
Сорлы жыршы жалықпайды,
Көл сағасын барлайды.
 
 
Көктен көлге төңкеріліп,
Шаңқылдайды шағала;
Бірде жылап, бірде күліп,
Жарқылдайды жағалап.
 
 
Қоңыр күйін қаз күйлейді;
Сұқсыр менен қасқалдақ.
Əнге салып, би билейді
Кегер, үйрек, баспалдақ.
 
 
Міне, осындай көлдің сəнін
Олқысынды жүрегім;
Іздедім мен аққу əнін –
Жүрегімнің тілегін.
 
 
Көлдің бетін көзбен андып
Жұбай аққу көрінбей;
Сəулемді іздеп жаттым қаңғып
Көл басында ерінбей.
 
 
Аққу күйі бір мезгілде
Сыңқылдады алыстан;
Жəне бірі шыға келді
Жақындағы қамыстан.
 
 
Жақындағы көк қамыстан
Шыққан аққу жырлады.
Аққу салған əн алыстан
Бері жүзіп зырлады.
 
 
Жалғыз аққу жырақтағы
Əнге салды «келем» деп.
Сыңар аққу құрақтағы
Тұрды күтіп, көлеңдеп.
 
 
Сыңқылдатып, жарып келді,
Жұпар майын жағынып;
Жұбайына аққу келді
Алыс жерден сағынып.
 
 
Бөлек екен екі ғашық,
Жайқынға кеп түйісті;
Сыпайы ойнап, сыңқылдасып,
Тəтті айқасып, сүйісті.
 
 
Күміс суды жұмсақ сызып,
Екі сұлу сыланды;
Сылдырлатып моншақ тізіп,
Ақ көбікке бұланды.
 
 
Дөңгеленіп, сəнін түзеп,
Айна көлге қаранды;
Екі сұлу əнін түзеп,
Жуынды да таранды.
 
 
Екі кербез қатар түзеп,
Көлдің келді шетіне:
Көлдегі аппақ шашақты үзіп,