Kostenlos

Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)

Text
Als gelesen kennzeichnen
Schriftart:Kleiner AaGrößer Aa
 
 
 
Безінем одап, көрмедім оны, бармадым,
Бəрі де сұлу, сұлулық толық жан-жағым.
Қарағай-шырша, қапталдан құлай қаулауын.
Тұңғиық көкте, қыранның, қара, самғауын.
 
 
Сайлардан соққан самалдың, қара, салқынын,
Тандайға ұйып, гүлдердің мына аңқуын.
Бу шашып, əнеу, кəрі жартастың балқуын,
Жасыл белдердің жасырын бəрі шалқуын!
 
 
Жарық дүние-ай, жаным-ай менің! Ғажапсың!
Ғажапсың, шіркін! Амал не, тезсің, аз-ақсың…
Құзар жартастан орамал көрдім бұлғаған.
– Қош бол, тентек!..
(Əзілдеп, сірə, тұр маған).
Көк көйлек көрдім, қалықтап құздан зулаған,
– Қош бол! –  деп, –  Тентек… шуылдап үні тынбаған.
 
 
– Қош бол! –  деп тастар хабарлап жатты жан-жаққа,
Неғылған сұмдық!
Дариға ма, əлде аруақ па?!
Өте алмай қалдым, жете алмай қалдым ар жаққа,
Дариға-жүрек…
Ұшты да кетті аулаққа…
 
 
Муза деп атап, ақындар ғибрат қылатын,
Сол екен – менің періште жырым, мұратым
Дүниенің мынау қабағын бағып тұратын,
Дариға-жүрек, өмірге берді бір ақын…