Buch lesen: «БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ»

Schriftart:

БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ

Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртта қалыпты. Бiр мезгiлде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады, Үсен ойланып тұрды да айтты:

– Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық.

Жұртта бiр көзi сынған ине жатыр екен, оны алды және бiр пышақтың сынығын, бiр-екi уыстай қыл та-уып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгiрiп жүрiп, көштiң кеткен сүрлеуiн тауып, сол сүр-леуге түсiп жүре бердi.

Бiраз жер өткен соң сүрлеу екi айрылды. Мұны көрiп Асан жылай бастады:

– Ендi қайсысына түсемiз, – деп, Үсен қарап жүрiп, бiреуiне түстi:

– Мынау сүрлеу, бүгiн жүрген көштiң сүрлеуi екен – малдың жас тезегi бар, – дедi.

Бiраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуiнiң алдынан бiр үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен iсi болмай жүре бердi. Үсен жүгiрiп барып сипалап жүрiп, үйректiң орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп едi, Үсен алдырмай:

– Жолдан адасып көп күн жүрсек, бiзге тамақ, керек болар, үйректi де ұстап алайық, – дедi.

Асан айтты:

– Қалай ұстаймыз? Үсен:

– Мен әкемнiң ұстағандарын көрiп едiм, – деп, манағы жұрттан тауып алған қылдан есiп тұзақ iстедi де, оны апарып үйректiң ұясына құрды. Мұнан соң Асанды шақырып алып, екеуi бiр таса жерге, қалың шөптiң арасына барып жатты. Көп ұзамай-ақ үйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрiнбеген соң, ұясына келiп қонды. Бiтегенеден соң Үсен түрегелiп, жүгiрiп ұяға барып едi, үйрек ұша алмай далбырлады да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа iлiнiп қалған екен.

Altersbeschränkung:
12+
Veröffentlichungsdatum auf Litres:
26 Februar 2017
Umfang:
5 S. 1 Illustration
Rechteinhaber:
Public Domain
Download-Format: