Zitate aus dem Buch «Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы»

Біз жаратылған сәттен бастап мәңгілік бақытты БОЛУ үшін жаратылғанбыз (ерте ме кеш пе, ол маңызды емес). Ал біз бақытсыздық деп санайтын нәрселердің барлығы иллюзия.

Жаратылыс заңдылығы бойынша адам өмірі болмыстан нәтежиеге (яғни бір нәрсе істеу, сосын бір нәрсеге қол жеткізу) дейін жалғасады. Болмыс деген сөздің не екенін түсіндіріп өтейін, оны басқаша адамның қазіргі шынайы жағдайы деп атайды.

Жаратушының өзі, жаратылып қойған энергияны (жаратылыстарын) жоя алмайды, себебі Құдай бір қабылданған шешімді ешқашан өзгертпейді, өйткені ол оның толық салдарын біледі.

Біз бәріміз білгеніміздей, біз ойлаған нәрсе біздің шындыққа (өмір шындығына) айналады. Сонымен, сіз көп жағдайда не туралы ойлайсыз? Әдетте проблемалар туралы ойлайсыз. Шынында да, көпшілігіміз таңертең төсектен тұрғанда ойлайтын бірінші нәрсе – біз сол күні шешуіміз керек барлық проблемалар және біздің сол үшін қанша уақыт жұмсап, не істеуіміз керектігі.

жалпы бір-ақ қана бақытсыздық бар – ол сыналу (сынақ), бірақ бұның өзі бақытқа апаратын жол, себебі біз бұл Жаратушының методикасы арқылы шыңдаламыз.

Бізден тыс ештеңе, бізден тыс орта – бізді бақытты етпейді, өйткені бақыт – бұл іштен сыртқа бағытталған тәжірибе. Бұл ақиқат. Ал көп адамның бойындағы жалған сенім – бақыт, сырттан ішке жиналуы керек уақытша тәжірибе.

Адамның болмысы (ішкі жағдай) болады және оның тұрмыс-тіршілігі (сыртқы жағдай) болады, бірақ біз өкінішке орай сыртқы жағдайымыздың жақсы болу керектігін білеміз, алайда ішкі болмысымыздың мінсіз БОЛУ керек екенін білмейміз. Біз үшін өмірдегі бақыт тек тұрмыс-тіршілікпен өлшенген.

Өмір – бұл шығармашылық процесс

Ал нәтежие дегеніміз белгілі бір амал-әрекеттің нүктесі. Бірақ егер біз өз болмысымыздың мінсіз екенін түсінсек, нәтиже біз үшін әдетте сөйлемнің соңында қойылатын нүкте емес, көп нүкте болады. Сол себепті адамның болмысы да, сүрген өмірінің нәтижесі де – мәңгілік, жойылмайтындай етіп жаратылған. Тіпті оны Жаратушының өзі, жаратылып қойған энергияны (жаратылыстарын) жоя алмайды, себебі Құдай бір қабылданған шешімді ешқашан өзгертпейді, өйткені ол оның толық салдарын біледі.

Болу – бұл ішкі тәжірибе, ол сіздің ішіңізден келеді. Сіз сыртқы жағдайларға сіздің болмысыңызды анықтауға мүмкіндік бере аласыз – сіздің бақыт немесе қанағаттану деңгейіңіз – бірақ сіз нақты қауіпке тап боласыз, себебі сізді қоршаған сыртқы жағдайлар, сіздің өміріңізді басқарады және сіздің өзіңізді қалай сезінетініңіз де осыған байланысты.

Altersbeschränkung:
12+
Veröffentlichungsdatum auf Litres:
25 September 2021
Schreibdatum:
2021
Umfang:
28 S. 1 Illustration
Rechteinhaber:
Автор
Download-Format:

Mit diesem Buch lesen Leute

Andere Bücher des Autors