Kostenlos

Қанжар

Text
Als gelesen kennzeichnen
Schriftart:Kleiner AaGrößer Aa

Бірінші бөлім: Танысу

2013 жыл. Маусымның жетінші жұлдызы күні.

Қазақстан республикасы. Қызылорда обылысы. Қармақшы ауданы. Жосалы ауылы. «Қанжар» қарсылық – соққы күшінің уақытша тұрғын орны.

– Аяқ астыңа қарап жүрмейсіңбе, Дэмиан – деді Вироника – миының орнына бұлшықет басқан ақымақ.

– Өзің емес пе кеше кешке дейін компьютермен жағаласып отырған қалпыңда ұйықтап. – Ардо күліп жіберді.

– Оның бұған қандай қатысы бар? – Вероника ақпараттық жөніне келгенде ешқашан өзінің кінәлі екенін мойындамас еді.

– Тц. Қалайша қандай қатысы бар?! Сенің ұйқыда қалай тыныш жататыныңды бәріміз білеміз ғой! – Дәмиан да мазақ етіп жіберді.

– Я-я, бәрі менің кінәм. Маған бәрін жаба салың. Ешқандай маңызды нәрсе быт – шыт болып сынған жоқ қой! Бар болғаны бәріміз соңғы 7 апта бойы жинаған және бар болғаны менің соңғы 5 күн бойы ұйқысыз реттеп жинаған мәліметтер бар тасымалдамалы дискет қана жоғалды! – Вироника атылуға дауын тұрған вулкаға ұқсап кетті

– Ештеңе етпес, ішіндегі платаны алып, барлық информацияны қайта қалпына келтіруге болады емес пе, Вироника?! – Дэмиан әңгімені өзінен аударуға тырысты.

– Қалпына келтіруге болар еді, егер оның үстінде 138 килограммдық біреудің аяғы таптап өтпеген болса ғана. О, айтпақшы, Дэмиан, сен неше килограмм тартатын едің? А, я, 138!

– Мәліметтерді ортақ дискетке ауыстырған жоқсың ба?! Ештеңе етпес. Бар болғаны жаңа тасымалдамалы дискетке ауыстыра саласың. – Ардо өзінің күнделікті кофесін енді ішіп бітіріп жатырған.

– Онда болған. Мұнда маңызды сөз «болған». Егер ұмытып қалмасаңдар біздің команда осы қарғыс атқыр ғаламшардың құрып кеткір жатғаламшарлық шабуылшыларға қарсы бейшара жасырын қарсылық күштерінің ең «танымал» құпия соққы күшіміз. Бұл не деген сөз!? Дұрыс, бізге мәліметтерді не бір виджедтте ұзақ уақытқа, не бұлтшада сақтауға бол-май-ды. Егер ол аз болса біздің қазір тұратын орнымыз уақытша ғана, және жоспар бойынша бүгін осы жердің түбінде соңғы күніміз болу керек еді. А, я, болған! Неге болған? Дұрыс, себебі 2 минут бұрын бір топастың аяғы жолда пайда болды! Соңғы екі айға жуық жұмыстың барлына крест койдың. – Веронка әлемдегі ең мықты программистерінің бірі болып келеді. Бәлкін бұл оған әкесінен келген шығар (Верониканың әкесі Андрей 12 жыл бұрын әлемдегі ем қауіпті хакерлердің ішінде үшінші орында тұрған болатын).

– Егер ұмытпасаң жалғыз сен емес соңғы 1 аптадан аса уақыт бойы ұйқысыз түн кешкен. Бұл ұйде барлығымыз дерлік осы уақытта көз ілмей өткізуімізге тура келгенін ұмытпағайсың! -

– Жарайды – жарайды! Енді барлық мағлұматтық тізбекті қайта қалпына келтіруге тура келеді, тек қана ең бастысы ешқандай мағлұматты ұмытпай қайта қалпына келтіру керектігіне қарамастан, онымен қоса тұра барлығының рет – реті мен орын – орындарында бұрыс болу қажеттілігін ұмытпайық! Ал ол кем дегенде тағы 2 күндік жұмыс. Ура – а, әрқашан уақыттан тыс жоғары жұмыс жасағым КЕЛГЕН! – Вироника ашу – ызадан орындықты теуіп жіберді.

– Не болды соншама айқай шығарып, а? Енді ғана ұйқыға кете бастаған едім. – осы кезде жатын бөлмеден бір көзін енді аша алмай Лу Хао шығып келе жатырған.

– О, кешірерсіз, біздің Ұйқыдағы Ханшайым!

– Ия, сен бүгін нағыз «қонақжайсың» ғой! Не болып қалды соншама таң атпай!? Соңғы күндеріңде қуаныштарыңды біртүрлі көрсетіп жатырсың ғой! – Лу Хао бір қабағын жоға көтеріп қарады.

– Білмеймін, мүмкін себебі соңғы аптадан аса уақыт бойы ұйқының не екенін жер бетінде бұрын – соңды болмаған, және байқа, тура мағынада, бұған дейін ғаламшарда аналогиясы болмаған және мағынасы жағынан тіпті жердегі түсініктерге сәйкес келеме екендігі де белгісіз тілді аударуға тырысқандықтан шығар немесе соңғы рейдтен кейін сақтықты арттыру үшін 10 есе белсендірек қарауылда тұрғандықтан шығар?! – Дэмиан келімсектер келмес бұрын әлемдегі ең үздік 100 ұшқыштардың қатарына, тіпті үздік 50 ұшқыштардың қатарына кіретін. Соғыстан кейін Дэмиан жердің ең үздік бестік, тіпті үштіктердің қатарына кіруіне болар еді, егер ресми құжаттар бойынша Дэмиан 5 жыл бұрын қаза тапқан болмаса.

– Егер сен біраз уақыт бұрын келсең неге бүгін жолға шыға алмайтынымызды білер едің. – Ардо жалдамалы кісі өлтірушілердің ішіндегі ең үздіктерінің бірі болған. Соққы күшінің ең шулысы болуымен қатар қаншалықты қарама – қарсы естілседе, оның ішіндегі ең «тыныш» мүшесі.

– Не болып қалды, ауа-райы қолайсыз ба? – Лу Хао қытайдағы ең үздік қоян – қолтық және жекпе – жек қырылыс өнерін үйрететін мектептерінің алдыңғы қатарлы шәкірттерінің бірі болған, енді команданың жеке азпазшысы сонымен қатар топтың ішіндегі «жалғыз» тірі жан.

– Солай деп айтуға болады. 46-шы мөлшері түріндегі жауын – шашын жауды.

– Не..? А-а, мен түсінген сияқтымын, сендер мағлұматтық қорап жайында айтып жатырсыңдар ма? Сендер кеше түнде бәрің ес – түссіз талып ұйықтап қалған кездеріңде мен жолға заттарды жинап жатқан кезде бірге жинап тастағанмын. Егер сендер 5 секунд болсада кішкене көңіл бөлсеңдер мағлұматтық қораптың басқаша екенін байқар едіңдер. Сендер айтқандарыңдай соңғы уақыттарда ұйқының жетіспеушілігіне байланысты психалогиялық энергияларың өте төмен деңгейде болғанымен менікі бірқалыпты екенін ұмытпаңдар. Сондықтанда мен соңғы күннің алдында барлық дайындықтарды алдын- ала дайындап тастайын дегенмін. – осы кезде Лу Хао жерде жатқан қоқыстардың арасынан дискеттің сынған бөлшектерін көреді.

– Саған қаншанғы айтам, мағлұматтық қорап өте ұзақ оның үстңне қолайсыз, дискет деп айт, ДИС.. Тоқта, сен не дедің? Жинап тастадым дедің бе? Демек дискет сау ма? Неге ертерек айтпадың?! Менің бостан – босқа өліп қалған жүйке – жүйе жасушаларым-ай!

– Егер байқамасаңдар, мен енді ғана ұйқыға кеттім, ал сендер енді оянып жатырсыңдар. Онымен қоса ұйқысыздық сендердің көру қабілеттеріңді соншама нашарлатады деп ойламаппын, әйтпесе не дискеттің басқаша екендігін байқамауларыңның себебін мен түсіндіріп бере алмаймын.

– Егер бәрің оянсаңдар мен ұйықтап алам. 2 сағаттан кейін шығамыз. Оған дейін мені оятпаңдар – осы кезде екі аяғын устел үстіне қойып бетінде қалпақ жабылып шалқайып отырған Бекнұрдың дауысы естілген болатын.

– Тоқта, сен не, Лу Хао заттарды жинап тастағанын білдің бе, және біле тұра үндемей отыра бердің бе???

– Егер ұмытпасаңдар, қаіпсіздік ережесі бойынша қарауылда кем дегенде екі адам қалу керек. Лу Хаомен 2 адам болады. Оның үстіне меннен ешкім ештеңе сұрамады. Ал енді мен ұйықтаймын. Мені 2 сағаттан кейін оятыңдар. Содан кейін 3 минуттан кейін жолға шығамыз. – Бекнұрдың аз сөйлейтініне байланысты оның 32 тіл білетін әлемдегі ең мықты полиглоттардың бірі болуымен қатар денесіне қарап 5 докторлық дәрежесі бар ғаламшардың «миының» бірі деп айтуға болмас.

– М-м-м. Я. Арамыздағы тілдер туралы ғалымымыз сөйлеуді ұнатпайды! Бұл әлемдегі ең үлкен «әзіл» шығар!

Екінші бөлім: Жолға.

Талғар темір жол станциясы; Кіреберіс хол;

Күннің жарық сәулесінде станция алдына қара түсті «Волга» маркалы жеңіл көлік тоқтады. Көліктің нағыз түсі қара түсті болғанымен 4 есіктің біреуі сары түсті. Көлікті айдап отырған Қайрат осы көлікті өз қолымен өзге көліктердің бөлшектерінің көмегімен жөндеп алған. Жыл сайын тек Қазақстанда ғана жоқ – жоқ дегенде кемінде 1000 – нан астап көлік осылай «құрастырылады».

Көліктің сол жақтағы артқы есігі ашылып, ішінен орта жастағы әйел адам түсті. «Жүк тасып береміз», «жүк тасумен көмектесеміз» – станция айналасында арлы – берлі ұшып жүрген сиренасы бар жүк тасығыштар көп.

– Кешірім сұраймын, жүк салғыштағы заттарымды поездға апаруға кім көмектесе көмектесе алады? – өздерің түсінгендей, көліктен түскен адам – Лу Хао.

Лу Хао барлық топтың ішіндегі жалғыз ресми түрдегі тірі мүшесі болғандықтан барлық байланыс, жүріп – тұру, және тағы да басқа күнделікті жұмыстарды тек сол ғана атқара алады. Егер орын ауыстыру керек болса Лу Хао өзінің жасырын «мамандығын», жазушы – саяхатшылықты қолданады, ал команданың қалған мүшесі «жүк» ретінде тасымалданады.

– Әрине. Бірақ алдын – ала ескертеміз, әрбір килограм жүк үшін 12 балл сұраймыз. Әрине, егер қосадқы ақы төлеймін десеңіз бәрін жоғары дәрежеде жасаймыз. – адамдардың ішінен алақ – жұлақ киінген жасы 45 – 50 жыл шамасындағы ер адам келді.

– Қажеті жоқ, жәй ғана апарып берсеңіз болды. – Лу Хао жүк тасушыға ақшасын беріп, есік жаққа қарай жол алды.

Жүк тасығыштардың ішінен бірнешеуі ұшып келді. Олардың барлығында орнатылған таразысы бар. Жүк салғыштан 2 және көліктің үстінгі секциясынан 3 саяхатқа арналған сөмке алынды. Бұндай көп жүктің болуын Лу Хао өзінің мамандығында қолданатын құралының көне дәрежелі жазба машинкасы (неге нақты сондай құрал деп сұраса ондай машинканы бұзып алуға болмайтындығымен түіндіреді) және барлық мағлұматтар мен жазбаша материалдардың қағаз бетінде болуымен түсіндіреді.

Кез – келген пунктерде сияқты олардың кіріп келген странцияда көптеген процесстер мен еңбек күштері автоматизацияланған. Кіре беріс есік өздігінен ашылды. Талондар мен билеттер автоматты түрде арнайы диваистардың көмегіен тексеріледі. Лу Хао өзінің электронды билетін скрибо арқылы тексертті. Бүгінгі таңда скрибо телефондар мен смартфондарды диваистық тақтан «ысырып» тастады.

Жүк тасығыштан заттарды механикалық қолдар конвейірдің үстіне қойды. Қазіргі таңда әрбір станциялар мен қақпаларда кіріп – шығатын адамдар мен олардың жүктерін тексеруші сканерлеуші аппараттар орнатылған. Осындай аппараттардан өздерін жасыру үшін жасырын соққы күштері металдарды арнайы технологияның көмегімен белгілі пропорциялармен біріктіру арқылы жаңа алдамшы құйманы ойлап тапқан болатын. Құйма сканерлеуші аппаратқа олардмен қапталған жол дорбаларының ішінде «жүктелген» заттардың бар екендігін көрсетеді.

Әдеттегідей бұл жолы да экранда жазба машинкасын, көптеген қаламдар мен дәптерлерді, әртүрлі ыдыс – аяқ және өзге де күнделікті өмірге қажетті заттардың өңі көрінді.

 

Әрине, бір адамға барлық адамдарды және аппаратуралар мен құралдарды бір рейспен тасымалдау мүмкін емес. Сол себепті әдетте тек команда мүшелерінің өздері ғана және ең керек деген заттар ғана өздеріен бірге алып жүреді.

Үшінші бөлім: Жолда

Талғар – Шілікті темір жолы; 57 – номірлі жолаушылар поездъі; Жүктер сақтайтын бөлімше;

– Ауу, кім бар? – вагонның қараңғы бұрышынан жуан дауысты адамның дауысы естілді.

– Аарх, Дәмиан, сен не, тотықұссың ба? Қалайша адамның жарты сағат бойы әрбір екі минут бойы бір сұрақты қайталап сұрай беретінін түсінсем бұйырмасын? – артынан жіңішке дауысты адамның дауысы естілді.

– Жәй ғана мен түсіне алмаймын, неге маған әрқашан мен тығылатын чемодан меннен 2 размер кіші.

– Себебі саған келгенде кез – келген чемодан 2 размерге кіші, ахаха. – ең үлкен сөмкеден Ардоның дауысы да естілді.

– Я, я, саған айту оңай, сен арамыздағы ең үлкен чемоданда жатырған жоқсың ба?!

– Доғарыңдар. Егер бізді ұстап алса, маған сенсеңдер болады, түрмеге дейін жетпейсіңдер. – Бекнұр егер бір айтса кесіп айтады.

Төртінші бөлім: Аялдама

Алматы облысы; Шілікті ауылы; № 52 – ші жалдамалы тұрғын үйі;

– Шыға берсеңдер болады. МИКМАК – ты қостым. – үйдің ішінде 4 саяхатқа арналған сөмкеге қарап отырған әйел адамның бейнесі көрінді.

– Хм – хм, егер ұмытып қалмасаң сыдырма сырттан ашылады! – әйел адамды қандай да бір сандыраққа санауға болар еді егер олардың ішінен жауап қайтпаса.

– Ой, ешқайсысың сыптырманы ішен аша алмайтындай айтасыңдар ғой. – өздерің түсінгендей осы үйдің жаңа тұрғындары – «Қанжар» қарсылық тобы.

Үйдің қараңғы бөлігінен зырылдаған дыбыс естілді, артынан 4 сөмкенің ішінен 3 ер және 1 әйел адам шықты. Үйдің ішін қараңғылық басып тұр. Сырттағы адамдар көріп қоймас үшін үйдің терезелерін жауып тастайтын.

Қазіргі таңда ең дамыған сала – тыңшылық саласы. Бүгінгі күні тұрғындарды аңду үшін түрлі – түрлі дивайстар бар: температуралық сканерлер; фото спектрометрлер; ренгендік көзілдіріктер және тағысын тағылар. Аталып кеткен МИКМАК (микро импульсті кванттық макро аудандық квазар сөзінің қысқартылған атауы) осындай құралдардың барлығының «көзіне» түспес үшін әдейі ойлап табылған қарсылық күштерінің жауабы. Егер дұрыстап қарасақ, онда әрқайсысының үстіндегі киімдерінде арнайы жасақталған микрочиптерді байқауға болады. МИКМАК белгілі – бір амплитудадағы толқын көзін генирациялайды. Топтың әрбір жасырын мүшесінің үсіндегі арнайы киімдер осы толқындардың көмегімен кез – келген дерлік электронды аппараттардан жасырына алады.

Жалдамалы үйде асханадан басқа тағы 3 бөлме бар. Жатын бөлменің есігі ашылды. Лу Хао жатын есіктен оң жақта тұрған жардағы шағын шкафтың үшінші сөресін ашты. Сөрені ашқандағы бірінші бейне – бүктеліп салынған сүлгілер. Лу Хао сөренің ішін ақтарып, көк сүлгінің арасынан 2 бүктелген қағазды тауып алды. Қағазды алған бойдан ол бірден әжетқанаға кіріп кетті. Қағаздың ішіндегісін оқығаннан кейін оны бірден өртеп, күлін ағызып жіберді.