Kostenlos

Ескендір

Text
Als gelesen kennzeichnen
Schriftart:Kleiner AaGrößer Aa
 
Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.
Көкпеңбек темір киген өңкей батыр
Тарттырып жөнеледі сырнай-керней.
 
 
Сол əскер суды өрлеп талай жүрді,
Судың басы бір құзар шатқа кірді.
Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,
Қақпасы бекітулі, көзі көрді.
 
 
Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,
Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.
Аша алмады қақпаны, үміт үзді,
Ақылдасып тəуір-ақ амал қылды.
 
 
Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмей ме тоқтаусыздың бəрі даңғой?
Дел-сал болып бəрі де қайта шықты,
Алысып əл келмесін байқаған ғой.
 
 
Долдықпен хан Ескендір ашуланды,
Ашуланып қақпаға жетіп барды.
Қақпаны дүбірлетіп қағып-қағып:
– Қақпаны аш! –  деп барынша айғай салды.
 
 
Қақпаның ар жағынан біреу келді,
Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.
– Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,
Бұл – Құдайға бастайтын қақпа, – деді.
 
 
– Білмесең, мен Ескендір патша деген,
Жер жүзінің соғыста бəрін жеңген.
Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,
Қорлығым өзім тауып, көз көрмеген.
 
 
– Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нəпсіңді жең!
Іші тар, көре алмастың біреуі – сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.