Kostenlos

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Text
13
Kritiken
Als gelesen kennzeichnen
Schriftart:Kleiner AaGrößer Aa

9. РАСТАМА ШЫНАЙЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Өзіңіз үшін əлі күнге дейін бейсана деңгейінде қабылдауға қабілетсізбін деп айту, бұл өзіңізді сəтсіздікке ұшырату. Бұның себебі растама шынайы емес өтірік не жалған. Бұл жағдайда сіз өзіңіздің қабілеттеріңіз туралы, өз ойларыңыз тұрғысынан, тым жоғары талаптар қоясыз. Алдымен сіз нəтижені бірінші мида жəне қазіргі уақытта елестетуіңіз керек. Егер сіз өзіңіздің қиялыңызда өзіңіз қалаған өмір салтын қалай жүргізетініңізді, қалаған бейнеңізді немесе қажетті пайданы көре алмасаңыз, онда сіз ешқашан мақсатыңызға жете алмайсыз. Растауды сипаттаған жағдайда сіз өзіңізді нақты көрсетуіңіз керек. Түпкілікті нəтиженің психикалық бейнесіне деген қарсылық, теріс эмоциялар табысқа, сәттілікке кедергі келтіреді. Ең бастысы – теңгерімді (баланс) сақтау. Бекітілген мақсат тым қарапайым болмауы керек, əйтпесе оған жету үшін жеткілікті күшті ынталандыру болмайды. Бірақ сонымен бірге, сіз қиял деңгейінде елестете алмайтын немесе қабылдай алмайтын нəтижеге жету үшін мақсат қоймаңыз, өйткені сіз қорқып, тіпті алғашқы қадам жасай алмайсыз. Біз қазірдің өзінде мақсатты кішігірім міндеттерге бөлген дұрыс деп айттық, нəтижесінде ол сəттіліктің жалпы көрінісіне айналады. Мұнда сенімділік факторы маңызды рөл атқарады. Растау сенімді болуы керек. Басқаша айтқанда, эмоционалдық толқу үшін үлкен, бірақ шынайы болу үшін қарапайым болуы керек. Растамалар шындықпен үйлестікте болу керек. Өзіңіздің растауыңызды дауыстап айта отырып, өзіңізден сұраңыз: «Осы растамаға қатысты менің тəжірибемді он баллдық шкала бойынша қанша бағалауға болады?» Егер нəтиже жетіден аспаса, сіз теріс «қөзқарастарды» қайта қарап, оларды бейсанадан жою үшін шаралар қабылдауыңыз керек. Онсыз оған жаңа сенімді бекіту мүмкін болмайды. Содан кейін оған барлық он ұпай беру үшін растауды қайта жазыңыз.

10. РАСТАУ АРҚЫЛЫ СІЗ ӨМІРДІҢ БАРЛЫҚ САЛАЛАРЫН ТЕҢДЕСТІРУІҢІЗ КЕРЕК

Растаудың тиімділігіне күмəнданбаңыз. Оларды дұрыс қолданған кезде, сіз мақсатыңызға қарай тартыласыз. Мақсаттар сіз үшін жағымды болуы өте маңызды. Негізгі фактор – ішкі тепе-теңдік. Егер растау тек бизнеске немесе мансапқа қатысты болса, өмірдің басқа аспектілері зардап шегуі мүмкін, мысалы, сіздің отбасыңызбен немесе жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз. Қызметтің барлық саласында өсу жəне даму үшін оң растамаларды таңдаңыз. Егер олар бір-біріне қайшы келмесе, бір уақытта бірнеше Растаманы айтуға болады. Ішкі тепе-теңдікті сақтау үшін өміріңіздің қандай-да бір аспектісін елемейтіндігіңізді, олардың кез-келгеніне тым көп мəн беретіндігіңізді немесе керісінше, тым аз көңіл бөлетіндігіңізді тексеріңіз. Жеке қызмет саласында табысқа жету үшін ғана емес, тұтас жəне теңдестірілген тұлға болуға тырысыңыз. Өмірде ішкі тепе-теңдік болған кезде бәрі орындалады. Егер сіз бір нəрсені сатып алып қалғанының бəрін жоғалтсаңыз, дұрыс емес, сіз шығынға ұшырайсыз. Сіз бəрін бірден сатып ала аласыз, бірақ олардың арасындағы үйлесімділікті сақтай отырып, өміріңіздің барлық аспектілерін растау арқылы жұмыс істетуге тырысыңыз.

11. РАСТАУЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙ ОТЫРЫП, ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ПРИНЦИПІН САҚТАУ КЕРЕК

Бұл принциптің мəні – сіздің барлық мақсаттарыңызды өзіңізде ұстау керек. Егер сіз оларды басқа адамдармен бөліссеңіз, олар сізді басқаша көндіруге, тоқтатуға тырысады. Біз əдетте, біреудің жеке өсуіне жол бермейміз, өйткені басқалардың белсенділігі біздің енжарлығымызды ғана көрсетеді. Біреуге өзіңіздің мақсаттарыңыз бен растамаларыңыз туралы айту арқылы, сіз оларға қарсы əрекет етуге мүмкіндік бересіз. Олар сізді мұның бəрі нонсенс (мағынасы жоқ) екеніне сендіреді жəне сіз жетістікке жете алмайсыз. Біз басқаларды өзімізге қарағанда ақылды деп санаймыз, өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігіне байланысты, əдетте біз оларға, өзімізге қарағанда көбірек сенеміз. Есіңізде болсын, сіз қанша рет не істегіңіз келетінінен бас тарттыңыз. Сіз өзіңіздің жүрегіңізді соңғы рет қашан тыңдаңыз? Біз пайдалы өзгерістерге неге қарсы боламыз?

Мақсаттарыңыз бен растамаларыңыз туралы, тек олар туралы білуі керек немесе оларды тезірек жүзеге асыруға көмектесетін адамдарға ғана айтыңыз. Біз бірінші кезекте жеке мақсаттар туралы айтып отырмыз. Егер біз топтық туралы айтатын болсақ, онда оның мүшелері ортақ мақсаттар қоюмен бірге айналысуы керек. Біздің көпшілігімізге мақсат қоюға жəне олар туралы айналасындағыларға айтуға үйретілді, содан кейін артқа бұрылу ұят болды. Менің ойымша, мұндай тəсіл тиімсіз, өйткені бұл жағдайда мақсат міндеттемеге, жүктемеге, қысымға айналады. Стрессті, шиеленісті, алаңдаушылықты, уайым мен қорқынышты тудырады. Егер сіз өзіңіздің мақсаттарыңыз бен растамаларыңызды құпия ұстасаңыз, айналаңыздағы адамдар сізді керісінше көндіруге немесе тоқтатуға мүмкіндігі аз болады. Əрине, олар сізге «кеңестерді» тек «сіздің пайдаңыз үшін» береміз деп сендіреді. Сенбеңіз! Басқалардың кеңестері олардың өмір туралы ой-пікірлеріне негізделген, бірақ олар сіздікі емес. Өз мақсатыңызға жеткеннен кейін, орындалғаннан кейін бірақ айтыңыз, солай сізге ешкім дым дей алмайды, себебі сіз дәлелдедіңіз. «Міне, мен… жасайын деп жатырмын» дегеннің орнына «Міне, мен… жасадым» деп айтыңыз. Бұл сізге Растауды таңдауда толық еркіндікті қамтамасыз етеді жəне келесі мақсаттарыңызға жетуге толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

ДҰРЫС ЕМЕС РАСТАУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Бұрын біз басқалар үшін бір шынайы ой-пікір (сөз) айту мүмкін емес екендігі туралы əңгімелестік, өйткені біз олар үшін не жақсы екенін біле алмаймыз. Жалпы алғанда, біздің жеке растау туралы да солай айтуға болады. Кейде біз өзіміз үшін ең жақсы нəрсені білеміз деп ойлаймыз жəне өзімізді дұрыс сезінеміз. Кейде біз өзімізге жақсылықтан гөрі көп зияндық келтіреміз. Растаудың зор күші бар екенін ұмытпаңыз жəне ол сіздің өміріңізге үнемі ойлайтын, әсерлі эмоциялар тудыратын нəрсені ғана тартады. Егер сіз үнемі қайталайтын растау сіздің жақсы, оң, жағымды, позитивті сөздерге сəйкес келмесе ше? Онда бейсанаға бекітілген нəтиже керісінше болады. Сондықтан дұрыс емес растаудан сақтану керек. Əрбір растау үшін Мен келесі сөйлемді қосамын: «Мен өмірдегі ең жақсы нəрсені қабылдаймын. Қайырлы және берекелі болғанын қалаймын. Өмірде ешнарсеге өкінбеймін. Мен бақытты болуға шешім қабылдадым». Бұл маған көмектеседі. Осылайша, растау зиян тигізбейді жəне қосымша мүмкіндіктер береді.

РАСТАУ МЫСАЛДАРЫ

Мен сізге пайдалы болуы мүмкін бірнеше Растамаларды ұсынғым келеді. Олар жалпы сипатқа ие жəне жоғарыда айтылғандардың бəрін жақсы түсінуге көмектеседі.

«Мен бəрін кешіруге шешім қабылдадым».

«Мен өз өмірім үшін толығымен жауап беруді жəне кінəні басқаларға ешқашан ауыстырмауға уәде беремін».

«Мен нəпсімді, жанымды, тəнімді жақсы көруді жəне оған құрметпен қарауды ұнатамын».

«Мен „Шексіз Күш-Қуатқа“ сенемін, ол менің барлық жағдайымды жасайтынына және дұға-тілектерімді қабыл ететініне сенемін».

«Мен қателіктер жасамауға шешім қабылдаймын».

«Мен қанша қателік жасасам да, өзімді сөзсіз сүюді, кешіруді таңдадым. Дегенмен жасамауға нақты сенімдімін».

«Мен өзімнің не істегеніме емес, не істейтініме сенуді шешім қабылдадым».

«Мен өзімнің қолымнан не келетінін табатыныма сенемін».

«Мен өз өмірім үшін толық жауапкершілікті сезінемін».

«Менің əр клиентім, менің өнімімнің немесе қызметімнің əлеуетті (потенциалды) тұтынушысы екеніне сенемін».

«Мен өзіммен жəне компанияның имиджімен мақтан тұтамын».

«Мен өз клиенттерімнен олардың ең жақсы қасиеттерін табуды білемін».

«Мен өз клиенттерімнің қажеттіліктерін оңай жəне тез анықтаймын».

«Мен өз мамандығымда білікті болуға шешім қабылдадым».

«Мен өмірден, жұмыстан жəне басқалармен қарым-қатынастан лəззат аламын».

«Мен оң нəтиже күтемін жəне кедергілерді жою үшін күн сайын жұмыс жасаймын».

«Мен шегіну, жеңілу мен жеңіс арасындағы айырмашылықты түсіндім».

«Мен өз ойларымды еркін жеткізе аламын жəне айналамдағы адамдар мені, қалай бармын солай қабылдайтынына сенімдімін».

«Мен өзіме шығармашылық идеяларды тартуды шешемін. Олардың өздері менің қолыма түседі».

«Мен əрқашан толық өмір сүруді жəне оны ынта-жігеріммен дəлелдеуге шешім қабылдадым».

«Мен өзіме сенімді болу оңай болатындай шешімдер қабылдаймын».

«Мен өзімнің Жоғары „Мен“ (Жаратушы) хабарламаларына көбірек құлақ асуды таңдаймын».

«Мен өзіме сенуді таңдаймын жəне əрқашан не айту керектігін жəне не істеу керектігін нақты білемін».

«Мен толыққанды өмір сүрудің жаңа, жағымды мүмкіндіктерін табуды таңдаймын».

«Мен өз сезімдеріме жауап бере аламын». «Мен өз өмірімді өзім жасаймын деп сенемін».

«Мен ертеңге жоспарлауды шешемін, бірақ бүгінмен, қазіргі сәтпен өмір сүремін».

«Мен өткен мəселелерді шешіп, сол арқылы ауыр жүкті алып тастауды таңдаймын».

«Мен батыл болу арқылы өзім боламын».

«Мен сүйіспеншілікке толы жəне қамқор болуды таңдадым».

«Мен өз өміріме саналы түрде қарауды таңдадым».

«Мен өз күшімнің қайнар көзін жақсы көремін».

«Мен бұрынғы ойлармен қоштасып, жаңаларына ашық болуды таңдаймын».

«Мен мақсатыма жетуге көмектеспейтін барлық нəрсені ұмытып кетемін».

«Мен барлық реніштерден арылуға шешім қабылдадым».

«Мен стресстік жағдайларда ұтымды шешім қабылдаймын».

«Мен болашақ оқиғаларды оңай елестетуді жəне олар болған кезде олармен қалай күресуге болатындығын білемін».

«Қиындықтар мен қателіктер мені ынталандыратынын қабылдаймын. Стресстік жағдайда мен одан да тапқыр боламын».

«Мен қызықты өмір сүруді жəне қызықты адамдарды тартуды таңдаймын».

«Мен жақындарыма олардың жеке өсуіне көмектесуге қуаныштымын».

«Мен керемет жадқа ие болуды жəне қажетті ақпаратты оңай есте сақтауды таңдаймын».

«Мен ұйымшыл болуды жəне əрқашан іс-қимыл жоспарын таңдаймын».

«Мен өмірімді жақсартуға көмектесетін əдейі тəуекелге баруға шешім қабылдадым».

«Мен осы кітапты оқу нəтижелеріне қуануды таңдаймын».

Бірақ, ең алдымен, сіз бұл растамаларды шабыттандыруыңыз керек: «Мен өзімнің растауларымды үнемі қайталап отыруға қуаныштымын». Бұл фраза сіздің растамаларыңызды жүйелі түрде зерттеуден рахат алуға шақырады. Осы жаңа əдетті қалыптастырудан бастаңыз. Растауды талқылауды аяқтамас бұрын, біз бір сұраққа жауап беруіміз керек: Жарнама тиімді ме? Əрине, тиімді! Жарнама берушілер біздің назарымызды аударуға жəне белгілі бір əрекеттерді жасатуға (жарнамаланған тауарлар мен қызметтерді сатып алуға) арналған аудио, видео клиптар жасауға миллиардтаған доллар жұмсайды. Жарнама берушілер егер олар өз хабарламаларын қайта-қайта қайталайтын болса жəне ынта мен сенімділікпен болса, олар тұтынушылардың назарын аударатындығын біледі. Олар бізге олардың өнімдері мен қызметтеріне деген қажеттілікті оятады. Егер олар біздің назарымызды аудару үшін миллиардтаған доллар жұмсауға дайын болсын, бізге растауды тегін жасаудың мағынасы бар ма? Жарнама беруші сіздің назарыңызды күніне «бірнеше минут аламын» деп үміттене алады. Сіз өзіңіздің растамаларыңызды күніне неше рет қайталай аласыз? Неліктен мақсатыңызды өзіңізге «сатпайсыз»? Бəлкім өтіп кетер. Орындалар тиісті «жарнамалық хабарламаны» растау, қайталану жиілігін жəне эмоционалды реакцияның қарқындылығын анықтаңыз.

 

Көптеген адамдар өздерінің əдеттері мен көзқарастарын өзгертуге немесе белгілі бір нəтижеге қол жеткізуге тырысады, дегенмен растау мен бейнелеуді саналы түрде қолдануды елемейді жəне осының барлығын бейсаналы түрде жасайды, сол адамзаттың басты қателігі. Адамдар мақсатын саналы, ерікті түрге ауыстырумен, сенімдері оларды қазіргі уақытта сол жерге алып баратын еді. Егер сіз бұрын шынайы өзіңіз туралы жəне шындық өмір туралы ойларыңызды (сөздеріңізді) өзгертпестен өміріңізді өзгертуге тырыссаңыз, енді жоғарыда сипатталған техниканың арқасында сіз армандайтын өзгерістерге қол жеткізе аласыз, артық қысымсыз, кедергісіз жəне толық бақылауда. Көріңіз! Сізге нəтиже ұнайды деп уəде беремін.

8. Бай болыңыз

Осы тарауда айтылған қағидаларды оқып, іс жүзінде қолдана отырып, сіз өзіңіздің қаржылық ұмтылыстарыңызды жүзеге асыра аласыз деп үміттенемін. Сіз байлардың байып, кедейлер одан да кедей болатыны туралы бірнеше рет естігеніңізге сенімдімін. Бір қарағанда, бұл өрескел əділетсіздік сияқты көрінеді, бірақ біздің жетістіктеріміз толығымен біздің санамызда қандай ойлар басым болатынына байланысты екенін түсінгенге дейін. Бай адамдар үнемі жаңа байлық туралы ойлайды кедейлік туралы мүлдем ойламайды, ал кедейлер өздерінің кедейлігі туралы ойлайды байлық туралы ойлары өкінішке кедейлік туралы ойлармен басылып қалады, олар өмірлерін өздігінен орындалатын тұйық шеңберге айналдырады. Егер біздің өміріміз материалдық молшылықтан айырылса, онда біз Ұқсастық Заңын: ұқсас ұқсасқа (зиян зиянға, пайда пайдаға) қате қолданамыз. Біздің қаржылық қиындықтарымыз жалпы экономикалық жағдайға, дефолтқа, инфляцияға, пайыздық мөлшерлемелерге немесе жұмыссыздыққа байланысты емес. Өмір бізді өз пайдасынан айырады деген сөз емес. Шындығында, біз өзімізді кінəлаймыз, өйткені біздің ойларымыз үнемі өзіміз қаламайтын нəрсеге назар аударады. Есіңізде болсын, біз үнемі ойлайтынымызды ғана өзімізге тартамыз. Ойлар қайда бағытталған, шығармашылық энергия да сол жерге бағытталған. Егер ақылда кедейлікке, айырылуға деген сенімділікті шабыттандыратын ойлар, көзқарастар, идеялар мен ұғымдар басым болса, онда мұның бəрі біздің өмірімізде жүзеге асырылады, бұл біздің ойларымыздың көрінісі. Кедейліктің себебі.

БІЗ САЛДАР ЕМЕС, СЕБЕППІЗ

Шындығында, біз бәрін өзіміз жасаймыз, яғни өзіміздің қаржылық жағдайымызға себепкерміз. Біз өз байлығымыз бен кедейлігіміз үшін жауап береміз. Сондықтан ең бірінші жауапкершілікке деген көзқарасты өзгерту керек, байлық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру керек. Егер біз өзімізді қаржылық жағынан сəтсіз сезінетін болсақ, онда біз ақша мен байлық туралы жағымсыз, теріс, негативті ойлар туралы ойлағандықтан ғана. Біз қиялда кедейліктің құбыжығын жасаймыз жəне ерте ме, кеш пе ол бізге шабуыл жасайды. Кедей жəне ұтылған адамның ойлау қабілетін қалыптастыра отырып, біз өзімізді байып кету мүмкіндігінен айырамыз.

Біздің өміріміз – ішкі əлемнің салдары. Елестетіп көріңізші, ғалам – бұл біздің ойларымызды, тілектерімізді үнемі бастырып отыратын үлкен принтер. Біздің қателіктеріміздің себебі біздің болмысымыздың кемшіліктерінде емес, білместік пен надандықта. Егер солай болса, онда біз осы надандықтан арылуға жəне өзіміз туралы жəне өмір туралы шындықты білуге мақсат қоюымыз керек. Біз өз əлеуетімізді толық іске асыруға, бұл жағдайда – қаржылық əл-ауқатқа қол жеткізуге кедергі келтіретін кез келген наным-сенімнен, ой-пікірден жəне жаңылысудан бас тартуымыз керек.

АҚША ТУРАЛЫ ОЙЛАР

Материалдық əл-ауқат туралы ойлар біздің менталитетімізде басым жəне олар жағымды да, мазасыз да болуы мүмкін. Ақша сізді бақытты етпейді, бірақ олардың көмегімен сіз бақытсыздыққа əкелетін көптеген нəрселерден арылуыңызға болады. Ақша əрқашан сіздің өміріңізде маңызды рөл атқарады, сіз оны қалайсыз ба, жоқ па. Көп жағдайда өмір сүру деңгейі соған байланысты, өйткені ол еркіндік береді. Сіз кедейліктен зардап шегіп, қаржылық қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін немесе осы қиындықтарды жеңу үшін, шығармашылық қабілетіңіз бен ішкі күштеріңізді пайдалана аласыз. Əлем халқының едəуір бөлігі жан сақтау үшін күресуде, кедейліктен зардап шегуде. Адамдар отбасын асырау үшін жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреді. Ересектердің көпшілігінің, созылмалы стресстің себептері тізімінің басында қаржылық қиындықтар тұрады. Ақшаға байланысты үнемі алаңдаушылық моральдық жəне денсаулыққа нұқсан келтіреді. Егер ақша біздің өмірімізде денсаулықты бұзуға, қарым-қатынасты бұзуға, өмірдің мәнін бұзуға, бақытты жоғалтуға дейін қабілетті болып, үлкен рөл атқарса, онда қаржылық əл-ауқатқа қол жеткізу біз үшін бірінші кезектегі міндет болуы керек. Кез-келген адам бай бола алады. Бай болу дегеніміз – қаржылық жағдайыңызға риза болу, көбірек болуға деген ұмтылысты сезінбеу, үнемі қысым көрсететін ақша проблемаларынан аулақ болу. Егер бұл проблемалар сіздің психикалық тепе-теңдігіңізге немесе отбасындағы үйлесімділікке қауіп төндірсе, дəл қазір бір нəрсе жасауыңыз керек! Еңбек, жұмыс, кəсіп?

АҚША ТУРАЛЫ ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕРДЕН АРЫЛЫҢЫЗ

Сіз қаржылық əл-ауқатқа жетуге кедергі болатын барлық ойлар мен идеяларды миыңыздан шығарып тастауыңыз керек. Мысалы, «барлығына байлық жетпейді», «ақша əрдайым аз», «жақсы жұмыс табу оңай емес», «елдегі экономикалық жағдай бизнестіңдамуына ықпал етпейді», «бай болу өте қиын», «сіз байлыққа лайық емессіз». Бұл сенімдердің ешқайсысы сіздің қаржылық арманыңызды жүзеге асыруға көмектеспейді. Сонымен қатар, сіз ақша туралы басқа адамдардың сенімдерін қабылдамауыңыз керек. Өзіңіздің басыңызбен ойлаңыз жəне қазіргі жағдай қандай болмасын, өзіңіз жəне өз өміріңіз туралы шындық пен ақиқатты ұмытпаңыз. Ақшаға қатысты адасудан сақ болыңыз.

АҚШАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ РАСТАМАЛАР

Қажетсіз қателіктерден құтылып, растау арқылы ақшамен қарым-қатынасыңыз туралы жаңа ойларыңызды. қалыптастырыңыз. Сізге жалған сенімдердің орнына материалдық əл-ауқат туралы шынайы білім сіздің ойыңызда тамыр алуы керек. Шын мəнінде, сіз бейсанаға байлықты бекіту керексіз. Ол үшін келесі растамаларды қолдануға болады: «Мен бай болуды таңдадым». «Мен байлыққа лайық екенімді білгім келеді». «Менің кірістерім шығындардан асып түседі». «Мен өзіме ақша табуға рұқсат беремін деп шешім қабылдадым». «Ақша менің қолыма түсетініне сенімдімін». «Мен ақылда жəне өмірде бай болуды таңдадым». Материалдық құндылықтар туралы растауды жасаңыз жəне оларды өзгерткіңіз келетін кәсіп немесе жұмысыңызда қолданыңыз.

БАЙ БОЛУ ҮШІН ҚИЯЛДЫҢ КҮШІН ҚОЛДАНЫҢЫЗ

Біз өз өмірімізді қиял күшімен жасаймыз, бірақ егер бұл шығармашылық процесс бейсаналық түрде жүрсе, онда ол біздің өткен тəжірибемізге негізделген болады. Оның көмегімен біз қазіргі уақыт пен болашағымызды жасаймыз. Өзіңіздің қалауыңызға сəйкес өмір құру үшін, қиял əлеуеті мен бейнелеу əдісін қолданыңыз. Бұрын қандай болғанына мəн бермеңіз, əйтпесе сіз өткеннің проблемаларынан өз болашағыңызды жасайсыз. Ең бастысы, ғаламның (Құдай) өзі сіздің сенімдеріңізді шындыққа айналдыруға ықпал ететініне сеніңіз. Біз ғаламға (Құдай) сенбейміз, өйткені «сана заңы» қалай жұмыс істейтінін түсінбейміз. Біз ғаламның барлық заңдары мінсіз əрекет ететінін жəне ешқашан сəтсіздікке ұшырамайтынын жəне «сана заңы» да ерекшелік емес екенін түсінбейміз. Сіз «сана заңына» абсолютті сенімділікпен сене аласыз, егер ол математикалық дəлдікпен əрекет етсе. Бұл заң бойынша адам ақылы растау мен бейнелеуді қолдану арқылы, әсерлі эмоциялар туғызды керек. Мен түсінемін, сіз оны естуден шаршадыңыз, бірақ бірнеше рет қайталаудың арқасында бұл ой сіздің басыңызда мықтап тұрып, шындық туралы ойларыңыздың бір бөлігі болып, сезімдеріңіз бен əрекеттеріңізге əсер ете бастағанын қалаймын. Қайта-қайта еске салудан, растау мен бейнелеуді қабылдаудан шаршамау керек. Əлемнің (өмір) заңдары əрқашан үздіксіз əрекет етеді. Мұның қалай болатыны белгісіз, физика заңдарының қалай жұмыс істейтіні əрдайым анық емес. Біз олардың жұмыс істейтінін білеміз. Неліктен көк жəне сары түстер жасыл түс беретіні белгісіз, бірақ біз мұны білеміз. Қандай да бір заңды ашқаннан кейін біз оны қолдана аламыз немесе елемейміз. Дүние бейтарап, сондықтан біз оның заңдарын қалай қолдануға болатынын шешуіміз керек. Мен қалай алғашқы миллионды табамын?

ӨМІР – АҚЫЛДЫҢ КӨШІРМЕСІ

Байлық – ақылдың көшірмесі. Жоғарыда айтылғандай, біз өз өмірімізді қиял арқылы жасаймыз. Біз өз дұға-тілектерімізді оларға құқығымыз бар деген сеніммен растай отырып, жасаймыз. Біздің тілектеріміздің орындалуы ешкімді кедей немесе бақытсыз етпейтінін жəне басқа адамдардың пайдасы мен табысы бізді кедей етпейтінін білеміз. Өзінің өмірін өзі жасай білетін адам үнемі қорқынышта өмір сүрмейді. Ол Ғаламның заңдылықтарын түсінеді жəне оларға сəйкес əрекет етеді. Ол ерте ме, кеш пе қайтып оралатынын, байлығынан ақырында айырылатынын біледі.

Жұмсалған энергия мен уақыт түпкілікті нəтиже түрінде қайтарылады. Басты сұрақ энергия мен уақытты қайда жұмсау керек? Мұны түсінгеннен кейін сіз өзіңіздің өміріңізді өзіңіз басқаратын боласыз. Сіздің өміріңіз ‐ ойларыңыздың дəл көшірмесі. Сіз өміріңізге мұқият қараңыз жəне сіздің миыңызда қандай ойлар басым болатынын көресіз, өйткені физикалық дененің барлық əрекеттері, басқалармен қарым-қатынас жəне бүкіл өмір сіздің ойыңыздың көрінісі болып табылады. Өмір сіздің ойыңызда не болып жатқанын ғана көрсетеді. Сондықтан сіз өзіңіз қалаған нəрсені алуға мүмкіндік бермейтін ойларды өзгерте аласыз. Өмірде ешқандай тығырық жоқ. Шығу жолы – бір ғана ой мен сенімнің қашықтығында. Бір оймен келесі ойдың арасы неше секунд Айтыңызшы?

НЕҒҰРЛЫМ КӨП БЕРСЕҢІЗ, СОҒҰРЛЫМ КӨП АЛАСЫЗ

Бұл идея негізі ақшаға ғана қатысты емес, уақыт пен еңбек т.б. қатысы бар. Неғұрлым көп уақыт жұмсасаңыз, еңбект етсеңіз, соғұрлым көп болып қайтады. Мұнда айтылған қағидаларды іс жүзінде қолдана отырып, сіз өзіңізге көмектесіп қана қоймай, басқаларды өзіңіздің үлгімен шабыттандырып, толық өмір сүруге мүмкіндік бересіз. Сіздің жалпы əл-ауқатқа қосқан үлесіңіз, яғни уақытыңызды, қабілетіңізді немесе қаражатыңызды бөлісуге дайын болуыңыз жеке əл-ауқатқа жетуде шешуші рөл атқарады. Неғұрлым көп берсеңіз, соғұрлым көп аласыз. Егер сіздің ойыңыз қорқынышқа негізделген болса, онда сіз беруден қорқасыз. Бірақ бұл жағдайда сіз ешқашан ештеңе алмайсыз. Сондықтан сіз қалаған нəрсені беруіңіз керек. Дəл осылай: қалаған нəрсені беріңіз. Егер сіз ақша алғыңыз келсе, ақшанмен бөлісіңіз. Егер сіз сүйікті болғыңыз келсе, өзіңізді жақсы көріңіз. Егер сіз тануға тырыссаңыз, басқалардың еңбегін, кітап білімін мойындаңыз. Басқаларға өзіңізге жетіспейтін нəрсені беріңіз. Сонымен қатар, сізде бар нəрсені бөлісу керек. Сіз өзіңіздің жақсылықтарыңызды байқаған жəне мойындаған сайын, өзіңіздің əл-ауқатыңыз туралы ой сіздің бейсанаңызда күшейтіледі. Молшылық туралы неғұрлым көп ойлар болса, соғұрлым ол сіздің өміріңізде болады.

АЛҒЫС АЙТУ КҮШІ

Күші көбірек алғыс айтқан сайын көбірек ақша табасыз! Тек қалаған нəрсесін нақты, анық түсінетін адам ғана одан да көп нəрсеге ие бола алады. Өз байлығын білмейтіндер, үлкен нəрсеге ие болу үшін «табу» керек деп ойлайды. Мұндай адамдардың өмірі олардың ой шектеуін ғана көрсетеді. Демек, олардың кедей болуының себебі осы. Сізге ештеңе табудың қажеті жоқ екенін түсіну өте маңызды. Сіз тек болуыңыз керек. Болу немесе ішкі болмыс сіздің өміріңізді жасайды. Ал «табу» туралы ойлар қорқыныштан жəне сыртқы факторлардан (орта, айналадығы замандастардан) туындайды. Əрқашан өзіңізде бар нəрсені қабылдаңыз. Əрқашан қазір бар нəрседен бастаңыз. Өзгелермен салыстырғанда қаншалықты аз көрінсе де, бүгінгі игіліктеріңізді бағалаңыз. Шағымданудың орнына, оны бағалаңыз.

Бір адам айтқандай, «Мен аяқ-қолы жоқ адамды кездестірмейінше етігім жоқ деп қиналатынмын».

 

Бұл байлықтың ең үлкен құпияларының бірі. Алғыс айтуды, риза болуды үйреніңіз. Қазірдің өзінде сізде болмыс деңгейінде бәрі бар – біліміңіз бен қабілетіңіз, шексіз мүмкіндіктер бар.

БҮКІЛӘЛЕМДІК БАНК

Сіз бүкіләлемдік банк сияқты құбылыстың бар екенін білуіңіз керек. Бар байлығыңыздың жартысын беріп, лезде пайда тауып, сіз бүкілəлемдік банкке үлес қосқаныңызды жəне өз уақытыңызда бəрін пайызбен қайтарып алғаныңызды елестетіп көріңіз. Сіз берген барлық нəрсе, сізге міндетті түрде оралады. Бұл себеп-салдар заңы жəне ол өзгермейді. Жалпы қателік жасамаңыз, сіздің пайдаңыз сізге қашан жəне қандай жолмен оралатынын алдын-ала шешуге тырыспаңыз, егер сіз оларды əмбебап банкке салсаңыз, онда сіз өз пайдаңызды міндетті түрде аласыз. Кейде молшылық бізді бірден сиқырлы таяқшаның айла-шарғысы сияқты ұрады. Əдетте, пайда күтпеген жерден келеді. Есіңізде болсын, олар жақын жерде жəне сізге міндетті түрде оралады. Сіз бұған күнде таңертең күн шығатынына қалай сенсеңіз солай сенімді бола аласыз.

АЙНАЛЫМ ЗАҢЫ

Цикл Заңы туралы сөйлесейік. Табиғатқа қарау жеткілікті, жəне оның көрінісі туралы көптеген мысалдар бар. Соның бірі: егер су тек келсе, ол тоқырай (застой) бастайды, нəтижесінде тоған өмірге жарамсыз болады. Егер су тек азайса, тоған көп ұзамай құрғап, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне жағдай жасай алмайды. Бірақ су, бір уақытта ағып жатқанда, тоған əрдайым таза жəне мөлдір болып қалады, өмір сүруге өте ыңғайлы, Бұл мысалдағы келу, кету алыс- беріс сияқты. Біздің өміріміз, соның ішінде қаржылық өміріміз табиғат заңдары бойынша ұйымдастырылған. Ақшамен бөлісу қаншалықты біз үшін оңай болса, соншалықты олар біздің қолымызға жеңіл түседі. Цикл (айналым) заңы барлық материалдық тауарларға қатысты. Сіз армандайтын өмірді құру үшін қажет емес барлық нəрселермен бөлісуді үйреніңіз. Қазіргі уақытта сізге қажет нəрсеге орын беру үшін көп пайдаланбайтын нəрсені беріңіз. Жылына кем дегенде бір рет жалпы түгендеуді жүргізіңіз, əсіресе гардеробта, жəне қажетсіз болып қалған заттарды таңдаңыз. Егер сіз бірде-бір рет кимеген қандай да бір киімді мұқтаж жандарға беріңіз. Заттарыңызды қайырымдылыққа беріңіз. Артық заттардың бəрінен құтылып, қалғанын ретке келтіріңіз, өйткені материалдық өмірдегі тəртіпсіздік ойлардағы тəртіпсіздікті көрсетеді. Өйткені, өмір əуелі іште, содан кейін сыртта екені белгілі.

Эмерсон: «қолыңызда тым көп дүние мүлік болудан, басыңызда шамадан тыс бақ болудан сақ болыңыз», – деді.

Қалай сонда? Денсаулық, бақыт, махаббат немесе ақша тым көп болуы мүмкін бе? Эмерсон бұрыннан бар нəрсеге жабысып, біз өз өмірімізге жаңа игіліктердің түсуіне жол бермейтінімізді білдірді. Көбірек болу үшін біз қалағымыз келетін нəрсені бөлісуге дайын болуымыз керек. Бұл Жаратушының басты сипаты махаббатпен бөлісу.

БАЙЛЫҚ – БҰЛ ІС-ƏРЕКЕТКЕ АЙНАЛҒАН ОЙ

Сіз жəне мен кеңістік пен уақыт арқылы енетін ойларға толы бай ғаламда өмір сүріп жатырмыз. Бұл шексіз ағыннан не алу керектігін өзіміз ғана шешеміз. Бізде бай болу туралы жүздеген идеялар бар. Жалпы, байлық – бұл әрекетке айналған ой. Егер бейнелі түрде айтсақ, өмір ағысында тұрып: «Ақша жетпейді», «Маған бұйырмайды» немесе «Мен ақшаға қызықпаймын» десе, онда ол жай ғана ағып кетеді. Өмір ағысы əрдайым ағып тұрады жəне осы сəтте де.

Адамдар ақша жинайды, оларды мықтап ұстайды, оларды жасыруға тырысады, тіпті оларды ұрлайды, өйткені олар өздерінің əл-ауқатын арттырады деп сенеді. Тек олар өмір ағысына қарсы ағып жатқан байлықты дұрыс түсінбейді. Бұл өмір ағысы – «ақша айналымы». Ақша жұмсалуы керек, қолдан-қолға ауысуы керек, оларды үнемдеудің, жасырудың жəне тіпті бір-бірінен ұрлаудың қажеті жоқ. Цикл Заңы əрқашан қолданылады. Біздің қорқынышымыз циклге кедергі келтіргенде, ағыс тоқтайды. Жаңа байлық пен молшылық əрқашан біздің өмірімізге енуі үшін бұл кедергіні жою қажет. Өмір шектеулерді емес, ақылды кеңейтуді қажет етеді. Өмір мен жаратылыс мəнісі осындай. Ол əрқашан өз жолымен ағады. Егер сіз өзіңіздің ақшаңызды алдын-ала жоспарлап, адал жолмен, біреудің пайдасына бөліспесеңіз, онда өмір ерте ме, кеш пе, сізді мəжбүр етеді, өйткені ол қозғалысты, айналымды қажет етеді. Егер сіз таңдау жасамасаңыз, өмір оны сіздің орныңызға жасайды жəне сізге ол ұнамауы мүмкін. Сізде күтпеген шығындар болуы мүмкін жəне сіз əлі де ақшамен бөлісуіңіз керек. Біз оны қалаймыз ба, жоқ па, бірақ өмір бізді ақша айналымына (цикліне) қосуға мəжбүр етеді. Өз өміріңізді талдап, ақша табуға не кедергі келтіретінін көріңіз. Сіз оларды неге жұмсауға мəжбүрсіз? Енді қандай жағдайларда ақшамен бөліскеніңіз туралы ойланыңыз. Өмірдегі ақша айналымына қалай қарайсыз? Сіз материалдық тауарлар айналымы (цикліне) қосылып, оларды беріп қана қоймай, оларды алуға үйренуіңіз керек.

ДҰРЫС ҚАБЫЛДАУДЫ ҚАЛАЙ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ

Сіздің өміріңізге молшылық ағысын арттыру үшін қабылдауды үйрену өте маңызды. Біз қанша берсек, сонша аламыз, сондықтан қанша алғымыз келсе, сонша беруіміз керек. Көптеген адамдар бұл маңызды сəтті елемейді. Қабылдауды үйрену оңай сияқты көрінеді, ақшаны алғанды кім жек көреді? Бірақ алушы берушіге қарағанда осал. Беру арқылы біз жағдайды басқарамыз, ал алу арқылы керісінше бақылауды жоғалтамыз, себебі біз тепе-теңдікті сақтай алмай әрдайым бергеннен гөрі көп алғымыз келіп тұрады.

Сізге комплимент жасалды делік. Сіз оған қалай қарайсыз? Егер сізге «Маған сіздің костюміңіз ұнады» десе, не деп жауап бересіз? Мүмкін: «Бұл ескі костюм ғой. Мен оны бірінші жыл киіп жатқан жоқпын». Егер біреу сіздің тағамыңызды мақтаса, сіз: «Ойбай, қиын ештеңе жоқ. Жай ғана араластыра салғаным ғой»? Комплименттерге реакцияңызды мұқият талдаңыз. Оларды қабылдауға үйреніңіз, өйткені олардың көмегімен басқалар бір нəрсе беру мүмкіндігін жүзеге асырады яғни сізге алғыс айтады не мақтайды, бірақ сіз қабылдамайсыз. Жалпы алғанда, біз бір уақытта аламыз жəне керісінше. Беріп жатсақ, алып жатамыз, алып жатсақ беріп жатамыз. Сізге берілген барлық нəрсені оңай қабылдай білу сізге молшылықты тартуға көмектеседі. Сізге жақсы нəрсе ұсынылған кезде бас тартпаңыз. Егер сізге сыйлық берілсе, оны қабылдаңыз жəне жай ғана рахмет айтыңыз. Егер мейрамханада басқа біреу шотты төлегісі келсе, оның ізгі амал істеуіне қарсы болмаңыз, дау айтпаңыз. «Рахмет» деп айтыңыз жəне адамға жақсылық қимылын жасауға, «беруге» мүмкіндік беріңіз. Əйтпесе бұл процесс тоқтайтын болса адамзат рухани құрдымға кетеді. Сыйлықтар туралы қате түсініктерден арылыңыз. Олар сізді осал немесе міндетті ететінін ұмытыңыз. Егер сізге ұнамайтын немесе қажет емес нəрсе берілсе, ол сізге ұнайтындай көңіл білдіріңіз. Өзіңіз де сыйлық беріңіз. Бұл жағдайда бəрі жеңеді. Сіз сыйлықтан бас тарту арқылы, сіз молшылық ағынын тек өзіңізге ғана емес, сыйлық берушіге де тоқтатып жатырсыз. Өзіңізге ғана жамандық жасамайсыз, басқаға да жамандық жасайсыз. Сіз өзіңіз сыйлық жасаған кезде, оны қабылдағанын қалайсыз ба? Есіңізде болсын: сіз бере алмай, ала алмайсыз, ала алмай бере алмайсыз. Сыйлық ала отырып, өзіңізге донор табасыз, беру жəне алу циклін аяқтауға көмектесесіз деп ойлаңыз.

СІЗ ҚАНША ҚАБЫЛДАЙ АЛАСЫЗ?

Маңызды сұрақ туындайды: сіз қанша ақша ала қабылдай аласыз? Адамдар əртүрлі, біреуде ақша көп, бірақ барлық ақшасымен не істеу керектігін білмейді, ал біреуге əрқашан жеткіліксіз, табу жолын білмейді. Бірінші жəне екінші адам бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Көптеген адамдар бір күні көп ақша алғаннан кейін, олар өмір бойы өздерін қамтамасыз етеміз деп ойлайды. Бұл мүлдем олай емес. Тəжірибе көрсеткендей, адамның қолына «өзі таппаған» үлкен ақша түскен кезде, мысалы, лотерея ұтып алу немесе мұра алу, олар əдетте екі жылдан кейін өзінің бұрынғы қаржылық жағдайына оралады. Ол осы ақшаның көмегімен шоттарды төлейді, қарыздарын өтейді жəне қайтадан өмір басталады деп ойлайды. Бірақ бұлай ешқашан болмайды. Үлкен ақша ұтып алғандардың 90 пайыздан астамы жеңіске жеткенге дейінгі жағдайына қайтып оралады. Олардың тұрмыс деңгейі тез көтеріліп, тез төмендейді себебі байлық олардың миында емес қолында болатын.