Kostenlos

Еспембет

Text
0
Kritiken
Als gelesen kennzeichnen
Schriftart:Kleiner AaGrößer Aa
 
Ақбөрте тұр желіде
Артқы аяғын қағынып;
Ер Қосайдай қарт білді
Шөбересі жүргенін
Əлденеге қамығып.
Шақырып қарт алды да,
Сөз сөйлейді ағылып:
 
 
– Шөберем, неге мұңайдың?
Көп шөбере ішінде
Ерекше тілеп тілеуің,
Құдайға күнде жылаймын.
Өңімде емес, түсімде
Көрсеткені Құдайдың
Сөз сөйлерде тілеумен
Шаршы топта, алдында
Ығай менен сығайдың.
 
 
Шепті бұзар деуші едім,
Жаудың туын құлатып;
Сұлу сүйер деуші едім,
Елден таңдап, ұнатып.
Тұлпар мінер деуші едім,
Жалын желмен сылатып;
Найза ұстар деуші едім,
Сағағын жезбен қынатып.
 
 
Жеңсіз берен түймелеп,
Кіреуке киер деуші едім.
Жас шыбықтай бүгілтіп,
Садақ иер деуші едім.
Айдыннан қуды ілдіріп,
Сұңқар шүйер деуші едім.
Тұйғын құстай алыстан
Тоят тілер деуші едім.
Бунағы алтын беліне
Семсер ілер деуші едім.
 
 
Сырыңды айт маған, шөберем,
Сұлу сүйгің келе ме?
Сұңқар шүйгің келе ме?
Айдынды ала ту алып,
Жауға тигің келе ме?
Асаусыз асқар асқақтан
Аңыратып асқың келе ме?
Менменсіген дұшпанның
Көңілін басқың келе ме?
Майданда шаңды боратып,
Өрттен шыққан ұшқындай
Оқты шашқың келе ме?
Туған елді сағынып,
Жүрмін деп мұнда неғылып,
Өкпелеген көтенге
Құлдарша қашқың келе ме?
 
 
Сонда Еспембет сөйледі:
Сен – атам, мен – шөберең,
Алдымда талай асу бар,
Бақыт па, сор ма – не көрем?
Еркін өсіп ержеткен,
Ерекше туған көбеңмін.
Ен дəулеттің ішінде
Еркін жүріп тел емдім.
«Ер – туыс, ит – тамаққа», –
Деген жоқ па бұрынғы?
Туған ел, туған жерім бар,
Сөйлесем, атам, сырымды:
Туған елді көкседім,
Жат елде арман өскенім,
Ылайық па, жан ата,
Іргелі елім тұрғанда,
Жат елде өмір кешкенім?
Көзіме емес, сыртымнан
Сан есітті құлағым
«Сыбан бала» дескенін.
Жігерім болса жетемде,
Еліме барып ұл болам,
Жігерсіз болсам жетесіз,
Қойын жайып құл болам.
Жат елде жадап жүргенше,
Жалтаң көз боп, тірі боп,
Кім ермейді соңымнан
Көрнекке шықсам ірі боп?
Батаңды бер, жан ата,
Шөберең сырын сарқады.
Егер бата бермесең,
Шөберең шердің құлы боп,
Күн санап дерті артады.
 
 
Дегенде қолын жаяды:
«Илаһи» деп атасы,
Ықыласымен берген соң,
Қабыл болды батасы.
Бірақ, балам, айтайын:
Еліңе де барарсың,
Тірі болсаң еліңнің
Керегіне жарарсың.
Дос та елден, жау да елден,
Алды-артыңа қарарсың.
Күндестік те еліңнен,
Міндестік те еліңнен,
Қамалау да еліңнен,